Құрметті діни сауатсыз қатындар! Құралай мыстанның дуасын оқып, неше түрлі жағдайларға түскендерге жауап - Айгүл Елшібаева - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрметті діни сауатсыз қатындар! Құралай мыстанның дуасын оқып, неше түрлі жағдайларға түскендерге жауап - Айгүл Елшібаева

Құрметті діни сауатсыз қатындар! Құралай мыстанның дуасын оқып, неше түрлі жағдайларға түскендерге жауап - Айгүл Елшібаева

Әнші Айгүл Елшібаева желіде психолог Құралай ханымға қатысты тағы да жазба жариялады.

  • 23 Қараша 2022
  • 147
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz Айгүл Елшібаеваның инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


"Құрметті діни сауатсыз қатындар, абжат деген не? Абжат-құран аятын оқып, соның саны арқылы жындарды жұмсайтын ілім", — деп "Абжат" сөзінің мәнін түсіндірген Айгүл Елшібаева Құралай ханымның да үйретіп жүрген дұғалары күмәнді екенін айтты.

"Құралай мыстанның дуасын 40-күн оқып, неше түрлі жағдайларға түскендерге, білмегендерге жауап. Себебі, бір әйел күйеуіне 40-күн дұғаны оқып, күйеуінің денесі киім кие алмайтындай іріп кетіпті. Не болды деп сұрасақ, "жын тұқымымен талаған" дейді. Баяғыда молдалар теріс оқып, суды теріс ағызып, жек көретін адамын итке айналдырып жібереді дегенді де оқыдық. Бұндай теріс оқуды мұсылман баласы кәпірге үйленгенін қаламаған, қосылмауы үшін, мұсылмандықты сақтау үшін оқыған екен. Қазіргілер қарақан қақ басының баюы үшін, көзі ақшадан басқа ештеңе көрмей,бақытты боласың-, деп сондай істерді үйретуде. Надандықтың шегі болмағасын өзі ,тез баю үшін, Қүралай ханымның 40-күн дұғасы, Бердияр қаридың берген сүрелерінің санын өзгертіп, оны оқығандар түрлі қиындыққа түскен.Құралай ханым осындай арамза істі үйреткен", — деп жазған Айгүл  Елшібаева.

Сондай-ақ, "Құралай ханымның дұғасын оқып, жын кіргендерге" молдаға баруға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар