Lisbon & Estoril Film Festival фестивалінде қазылар алқысының арнайы жүлдесіне ие болды.
Фильм негізгі конкурстық бағдармаға қатысты. Бұл туралы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Фестивальдің негізгі мақсаттарының бірі әртүрлі мәдени тәжірибені: киноны әдебиетке, музыканы сурет өнеріне араластыру болып табылады. Оған қоса, кинематографистер, ойшылдар, суретшілер мен көрермендер арасында диалог орнату. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл — заманауи тақырыптарды көрсетіп, талқылайтын, аудиторияны Еуропа мен әлемнің тек танымал ғана емес, сондай-ақ аса танымал емес фильмдермен таныстыратын, португалдық киноөндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жақсы алаң.