”Әлем кубогы”: Бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Әлем кубогы”: Бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі

”Әлем кубогы”: Бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі

Астанада 30 маусым мен 7 шілде аралығында бокстан Әлем кубогы өтеді.

  • 30 Маусым
  • 98
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Байрақты бәсекенің отандық спорт үшін маңызы зор. Себебі еліміз бірінші рет World Boxing ұйымының дүниежүзілік додасын қабылдамақ. Жарысқа 30-дан астам елден 300-ге жуық былғары қолғап шебері қатысады.

Жарыс аясында жеребе тарту рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің алғашқы қарсыластары анықталды.

Ерлер

50 келіге дейін

Санжар Тәшкенбай – Шодай Кото (Жапония)

55 келіге дейін

Махмұд Сабырхан – Шин Чжэен (Оңтүстік Корея)

60 келіге дейін

Серік Теміржанов – Джейкоб Кассар (Аустралия)

65 келіге дейін

Ертуған Зейнуллинов – Ахмет Пекель (Түркия)

70 келіге дейін

Абылайхан Жүсіпов – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан)

75 келіге дейін

Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада)

80 келіге дейін

Нұрбек Оралбай – Мұрад Аллахвердиев (Әзірбайжан)

85 келіге дейін

Бекзад Нұрдәулетов – Лахлан Лоусон (Аустралия)

90 келіге дейін

Сағындық Тоғамбай – Азиз Аббес Мухийдин (Италия)/Малакай Джорджес (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен

90 келіден жоғары

Айбек Оралбай – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)

Әйелдер

48 келіге дейін

Назым Қызайбай – Приянка Диллон (Канада)

51 келіге дейін

Алуа Балқыбекова – Дженифер Лозано (АҚШ)

54 келіге дейін

Әнел Сақыш – Татьяна Обермайер (Германия)

57 келіге дейін

Айдана Забынбекова – Джули Рамадан (Аустралия)/Алиса Мендоса (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен

60 келіге дейін

Виктория Графеева – Аяка Тагучи (Жапония)

65 келіге дейін

Аида Әбікеева – Дион Бурман (Ұлыбритания)

70 келіге дейін

Наталья Богданова – Чану Тхокчом (Үндістан)

75 келіге дейін

Надежда Рябец – Вивиан Дом Сантос Перейра (Бразилия)

80 келіге дейін

Гүлсая Ержан – Рани Пуйя (Үндістан)

80 келіден жоғары

Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

Айта кетейік, турнир бүгін, яғни 30 маусымда басталады. Күндізгі сессияның басталу уақыты — 14:00.

Әлем кубогының кезеңі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.