“Үшінші әйелім бірден қарай қойған жоқ. Бір жыл кездеспеді” Сабит Әбдіхалықов қазіргі өмірі жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Үшінші әйелім бірден қарай қойған жоқ. Бір жыл кездеспеді” Сабит Әбдіхалықов қазіргі өмірі жайлы айтты

“Үшінші әйелім бірден қарай қойған жоқ. Бір жыл кездеспеді” Сабит Әбдіхалықов қазіргі өмірі жайлы айтты

Елімізге танымал режисер Сәбит Әбдіхалықов  "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат берді. Онда үшінші әйелін әрең қаратқаны жайлы сөз қозғады.

  • 13 Қаңтар 2022
  • 1530
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Актер әрі продюсер Сәбит Әбдіхалықов сұхбат барысында өткен өмірі мен қызмет орындары жайлы да ашық сұхбат берді.

Бірінші әйеліңіз ұлы жүз, екінші әйеліңіз орта жүз, ал қазіргі асыл жеңешем кіші жүз екен. Үш жүздің күйеу баласы болған қалай екен?!

— Мен жалпы "жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" деген ұстаныммен жүремін. Мен ешбір қазақты жүзге бөлмеймін. Анық жауап бердім деп ойлаймын.

-Қазіргі жеңешемізбен қалай таныстыңыз?

— 2016 жылы денсаулығыма байланысты күйеу баламның үйінде тұрдым. Себебі уақытылы тамақ ішу керек болды, диеталық тағамдармен тамақтану керек болды. Отбасым жоқ, жалғыз болғандықтан қарындасым қарады. Сол жылдары театрда жұмыс жасадым, ұжыммен сөйлесесің, әріптестермен сырласасың.
Сол кезде әңгімесі дұрыс, жөні түзу осы жеңешеңізге көзім түсті. Бірақ жеңешеңізде бірден қарай қойған жоқ. Бір жылдай тіпті кездескен жоқ тек әлеуметтік желілерде сөйлесіп жүрдік. Себебі, мен туралы айтылады ғой әрине. Екі әйелден ажырасқан, оңбаған анау-мынау не істейсің, деген әңгімелер ғой қысқасы. 
Екі жыл бір-бірімізді таныдық. Сөйлестік жүрегім, көңілім қалады. Мен үйленгенде ертең ажырасамын деп үйленбеймін ғой. Өздерінің шешімдері мен қарсы болмаймын бақытты болсын. Балаларыммен жиі байланыстамын шүкір. Сұрағанын беруге барынша тырысамын. Каспи голд деген жақсы болды ғой, әке дегенген түсіне беремін шүкір.


https://youtu.be/XjfNCKxHUMo

 

Желі оқырмандары: "Сәбит аға өте ақылды екен ғой","Керемет сұхбат болыпты","Дұрыс жолын байламасын","Бақытты болсын",-деген пікірлер қалдырды.

Соңғы жаңалықтар