Жапонның дәстүрлі барабанында орындаушылары - «Леонард Этоу Тайко Ансамбль» тобының концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонның дәстүрлі барабанында орындаушылары - «Леонард Этоу Тайко Ансамбль» тобының концерті өтеді

Жапонның дәстүрлі барабанында орындаушылары - «Леонард Этоу Тайко Ансамбль» тобының концерті өтеді

11 қарашада Астанадағы «Шабыт» шығармашылық сарайында жапонның дәстүрлі барабанында орындаушылары - «Леонард Этоу Тайко Ансамбль» тобының концерті өтеді, деп хабарлады Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

  • 7 Қараша 2012
  • 354
Фото - Caravan.kz

Бұл өнер кеші Жапония мен ҚР-сының арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына орай және өнер ұжымының Орталық Азия елдері бойынша турнесі ауқымында ұйымдастырылып отыр.

Концертті ҚР-дағы Жапония елшілігі Жапон қорының қаржыландыруымен және Қазақ ұлттық өнер университетімен ынтымақтастықта ұйымдастырады.

Барабан әлемдегі ең ежелгі музыкалық аспаптардың бірі. Басқа мәдениеттер сияқты оның алғашқы үлгілері қазіргі жыл санауымызға дейін Жапониядан да табылған болатын. Wadaiko барабанының дауысқа жетеді, сондықтан да оны әуелде хабар беру құралы ретінде де пайдаланған.

Соңғы жаңалықтар