“Жылына 300-400 бала тәрбиелейміз деген ниеттеміз”- Гүлназ Насыреддинқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жылына 300-400 бала тәрбиелейміз деген ниеттеміз”- Гүлназ Насыреддинқызы

“Жылына 300-400 бала тәрбиелейміз деген ниеттеміз”- Гүлназ Насыреддинқызы

«Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.», - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай бала тәрбиесі мен бала шығармашылығы өмірімізде айрықша мәнге ие.

  • 22 Маусым 2021
  • 71
Фото - Caravan.kz

Балалар шығармашылығында балаларды дамытуда сан алуан өнер түрлері бар. Ұлттық рухымызды көтеретін, өзіндік ерекше орны бар өнердің асыл түрлерін саусақпен санап жеткізе алмаспыз. Қазіргі таңда бала үшін ата-аналарда мүмкіндік жетіп артылады. Түрлі сауықтандыру орталықтары мен жазғы демалыстар сонымен қатар дамыту орталықтары — баланың тұлғалық тұрғыда ерекше болып қалыптасуына әсері етеді.

Ақтау қаласының «Шабыт» шығармашылық балаларды сауықтандыру орталығының негізін қалаушы Көжербаева Гүлназ Насыреддинқызы Caravan.kz порталының тілшісіне орталықтағы дарынды балалар жайлы және олардың талантын одан ары жетілдіру үшін қандай шаралар атқарылып жатқаны жайлы айтып берді.

— «Шабыт» шығармашылық балаларды сауықтандыру орталығы қай жылы ашылды?

— 2014 жылдан бері біздің шығармашылық орталық өз жұмысын жасап келе жатыр. Жылына кем дегенде 200 баланы қабылдап, оларды өнерге баулимыз. Бұл орталықтың ішінде өте көп бағдарламалар бар.

— Нақты қандай бағдарламалар бар?

— Нақты айтсам он екі түрлі бағдарламалар бар. Оларды айтып өтетін болсам: Бейнелеу өнері, спорттық, спорттың жеңіл түрлері бар. Каратэ, дзюдо, бритданс, гимнастика, хореография, ағылшын тілі , мектепке дайындық топ, қосымша сабақтар, актерлік шеберлік үйірмесі және т.б бағдарламалар бар. Жалпы үйірмеге бес жастан бастап балалар қатыса алады. Сонымен қатар айтып кететін нәрсе 2020 жылы жалпы 120 баланы қамтитын “Бала-бақша” ашылды. Осы жеті айдың көлемі болып қалды жұмысты бастап кеткенімізге. Ол жерде қанша жастан бастап бала қабылдайсыздар деген сұрақтар туындайды. Біз ол жерде бір жарым жастан бастап, алты жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Бала-бақшада шығармашылық үйірмелерді қостық. Бірақ ол ол үйірмеге төрт жастан асқан балалар ғана қатыса алады.


— Қанша маман жұмыс жасайды?

— Бала-бақшамен үйірмені қоса есептейтін болсақ, біздің орталықта отыздан астам мұғалім мамандар жұмыс жасайды. Жұмысқа қабылданған кезде біз мұғалімдерді ең бірінші кәсіби деңгейдегі маман ба? Жоқ па? Соны қатты бақылайтын боламыз. Себебі біздің орталық тек жоғары сапаға жұмыс жасайды.

— Сіздердің орталықтарыңыздың басқалардан қарағанда қандай ерекшеліктері бар?

— Біздің орталықтың басқа орталықтардан ерекшелігін айтар болсам, мысалы балалары келеді және мерзімі бітеді ия? Содан соң ата-аналарға белгілі бір деңгейде білім алғаннан соң нәтиже көрсету арқылы есептік кештер, республикалық, облыстық деңгейдегі фестиваль, конкурстарға, жиі қатысып тұрамыз. Карантинге тоқтап қалғанымыз болмаса біз жылыны 5-6 кештер мен қойылымдар қойып, іс-шараларға қатысып, балалардың жиі сахнаға шығуын қадағалаймыз. Және теледидарға сұхбаттарға апару арқылы балалардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырамыз. Солай-солай баланың дамуына үлкен үлес қосамыз деп айтсам әбден болады. Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілетін дамыту, олардың практикалық дағдыларын иемденуі сәбилік кезеңнен басталады. Балалар тілді меңгере отырып, заттарды, олардың қасиеттері, белгілері туралы білімді игере бастайды. Мектепке дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап, баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытады, көркем өнерге қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балалар сурет өнерімен жалпы топтың ұйымдастырылған іс-әрекетінен тыста, ойынға бөлінген уақыт мезгілінде де шұғылдануға болады.

— Балалар көбірек қандай үйірмелерді таңдайды?

— Жалпы әрбір баланың өз қызығушылықтары болады. Көбіне олар сурет салу үйірмесіне сосын домбыра үйірмесіне жазылады. Қалған үйірмелерге де жазылып жатады. Бірақ ең көп жазылатыны осы екеуі.

 Республикалық сайыстарға шығып, жүлде жеңіп алған балаларыңыз бар ма?

— Әрине бар. Бұл орталыққа келген балалардың бәрі дарынды, бәрі зерек. Алған білімдері тәрбиелері оларды бір жетістікке міндетті түрде жетелейді. Жалпы баланы жарыстарға, сайыстарға, конкурстарға апарып тұру арқыла да ашылмаған қырларын көруге болады. Біздің орталық аудандық, облыстық, республикалық байқауларға өте көп қатысады. Және әрбір түскен сайыста, жарыста жүлдесіз оралмаймыз. Себебі біздің жұмыс жасап жатқан мамандарымыз өте білікті маман иелері. Балаларда талантты, зерек. Байқауға барып келгеннен кейін, балалардың көзіндегі отты айтпай кету мүмкін емес. Бір-біріне мотивация береді. 

Ата-аналар сеніп балаларын тастап кете береді ме?

— Иә, ата-аналар осы уақытқа дейін балаларын сеніп тапсырып кетеді. Әрбір ата-ана баласының дамығанын, өскенін, жан-жақты болғанын қалайды. Үйде босқа интернет көріп, телефон шұқалап уақытты зая кетірмей. Өзі сияқты балалармен ойнап, тәжірибе алмасып ойларының жетілгенін қалайды.

— Басқа қаладанда да демалысқа балалар келеді ме?

— Басқа қаладан бұйыртса енді жаңа лагерьіміз ашылғанда келетін болады. Себебі 10 күн бойы біздің орталықтк дем алып кетуге мүмкіндік туады.

— Жазғы лагерьге осы уақытқа дейін қанша балалалар келді?

— Жылына екі жүзден астам балалар келеді. Оның тең жартысы үйірмелерге қосымша сабақтарға қатысады. Бірақ ол кезде таңертең келіп, кешке алып кететін еді балаларын. Енді 10 күндік жазғы лагерьміз ашылса жан-жақтан балалар келіп жылына 300-400 бала тәрбиелейміз деген ниеттеміз.


— Басқа қандай жаңалықтарыңыз бар?

— Жақын арада “Шабыт” балаларға арналған журналы да іске қосылады. Журналға дарынды балаларды біз жариялап отырамыз. Республикалық деңгейде шығатын журналды тек дарынды, білімді, ойы зерек ақылды балалрды шығарып отырамыз. Жақында яғни нақтырақ айтсам бұл жоба қыркүйек айында іске асады деген үміттеміз.

— Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

— Жаздың екінші айында бізде “Жазғы лагерь” іске қосылуы мүмкін. Қазір құжаттардың мәселесімен Алматы қаласында жүрміз. Егерде мәселе шешілсе сол жазғы лагерь іске қосылады деп отырмыз. Жалпы бұған дейінде біз лагермен айналыстық. Бірақ ол тек таңертең келіп кешке кететін еді балалар. Ал қазір, біз іске қосайын деп жатқан лагерьіміз біраз күнге келуге болады. Яғни 10 күн бойы біздің ғимараттың ішінде, теңіз жағалауында қонып демалысын тиімді өткізетін болады. Баланы жан-жақты дамытудың жолдарын қарап, іздеп оны іске асыруды жоспарлап отырмыз бұйыртса.

Соңғы жаңалықтар