Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады

Алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады

Алдағы күндері еліміздің көптеген өңірлерінде жауын-шашын болып, кей жерлерде күн суыта бастайды.

  • 2 Қараша 2016
  • 575
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы 24.кз хабарлады.  «Қазгидромет» орталығының мамандарының хабарлауынша, елдің оңтүстігі, орталығы және шығысында жаңбыр жауып, арты қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде екпінді жел байқалып, 15-25 м/с-ға дейін жетеді. Елдің орталық және шығыс аймақтарында ауа температурасы күндіз 7 градусқа дейін суытып, батыс өңірлерде 3-8 градус жылы болуы ықтимал. Астанада 4 қарашада тұман түсіп жауын-шашын болып, күндіз 3-5 градус аязды көрсетеді. Ал 5 қараша жауын-шашынсыз, күндіз ауа райы 3 градус жылы болады деп болжайды мамандар. Айдана Абықан, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: — Елордамыз Астанада ертең кей уақыттарда жаңбыр жауады, түнгі ауа температурасы – 2-4, күндіз 0-2 градус суық болады. Алматы қаласы бойынша көшпелі бұлтты, күннің соңында жаңбыр жаууы ықтимал. Түнгі ауа температурасы – 10-12, күндіз 19-21 жылы болады. Пікір қалдырыңыз

 

Соңғы жаңалықтар