“Кездесу нәтижесінде тараптар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тауарды 70 пайыз мөлшерде межелі орынға жеткізуге; багаж тасымалы тәртібі және жүк багажы және мерзімді пойыз қатынасын жолға қоюға келісті”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Наурыз мерекесі қарсаңында №1/2 “Алматы-Ташкент” халықаралық жолаушылар пойызы іске қосылады. Пойыз “Тұлпар-Тальго” вагондарымен жаңа үлгіде жабдықталған.
Пойыз Алматыдан дүйсенбі және сенбі күндері шықса, Ташкенттен бері қарай сейсенбі және жексенбі күндері шығады. Ара қашықтық 16 сағат 30 минут. Жолдағы бекеттер: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш, Ташкент.