Алматыда аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалған

Алматыда аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалған

 

  • 18 Шiлде 2016
  • 354
Фото - Caravan.kz

Мерген Прохант есімді Фейсбук қолданушысы бүгін бір видео жариялап, оны Алматыдағы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл деп айтқан.

«Қара киінген біреу полиция жаққа қарай автоматпен оқ атты» дейді Мерген Прохант. Оның айтуынша, қаскөйдің көзі жойылған болуы мүмкін. «Тағы біреулерді басқармаға алып келді. Полиция қызметкерлері жараланған сияқты» дейді видеоны ғимарат ішінен түсіріп алған Прохант.

Айта кетсек, бүгін Алматы көшелерінде атыс болып, Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасының аумағы қоршауға алынған еді.


 

Соңғы жаңалықтар