Алматыда бойжеткенді қағып кеткен көлік жүргізушісі қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бойжеткенді қағып кеткен көлік жүргізушісі қолға түсті

Алматыда бойжеткенді қағып кеткен көлік жүргізушісі қолға түсті

Алматыда жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан 24 жастағы бойжеткенді көлік қағып кетті. Қайғылы оқиға Наурызбай батыр мен Тимирязев көшелерінің қиылысында кешкі 20.30 шамасында болды.

  • 13 Маусым 2017
  • 281
Фото - Caravan.kz

Болған жәйтке байланысты қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек түсінік берді. «Қазір ІІД-нің анықтау басқармасында ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші Тимирязев көшесімен шығысқа бағытталып келе жатқан. Жаяу жүргінші жолағында қызды байқамай, оны қағып кетеді. Қазір өзінің кінәсін мойындап отыр», — деді С.Әзірбек.

Қазір Нәзигүл Арстамбекова Жедел жәрдем стансасы ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Бұған дейін бойжеткеннің әпкелері әлеуметтік желіде оқиғаға куә болған адамдардың хабарласуын өтінген еді. «Сіңлім морфийдің арқасында жасанды өкпе вентиляциясында жатыр. Дәрігерлер көк бауырын алып тастады, 6 қабырғасы сынды, бүйрегі қанталап тұр, бас-ми жарақатын алған, бет терісінің жартысы жоқ. Жантүршігерлік жағдайда жатыр», — деп жазды қыздың әпкесі Айгүл Арстамбекова Инстаграмдағы парақшада.



 

Соңғы жаңалықтар