Жарияланды: 1 6700

Алматылық әйел қаңғыбасқа айналған белгілі хирургты үйіне кіргізіп алды

Алматылық әйел қаңғыбасқа айналған белгілі хирургты үйіне кіргізіп алды Сурет - Тахир САСЫКОВ

Тағдыр тәлкегімен тұрақты мекені жоқтарға арналған үйден бір-ақ шыққан белгілі хирург Жұмабек Дүйсембаев туралы хабар Алматы тұрғыны Халида Иманжанованы бей-жай қалдырмады.

Ол көп ойнланбастан қалалық белгілі бір тұрағы жоқ адамдарды бейімдеу орталығына барып, ақсақалға өз үйінде тұруды ұсынған. Бұған, әрине, Жұмабек аға көне кетті. Заттарын алды да, жаңа үйге келді, деп жазады "КАРАВАН" газеті.

70 жастағы Жұмабек Дүйсембаев 35 жылдан астам ғұмырын медицинаға арнаған. Ол қаншама адамды өлімнен аман алып қалды. Бір кездері бұл кісінің отбасы болған. Қазір бұрынғы әйелі мен екі ересек ұлы онымен еш араласпайды.

"2011 жылы зейнеткерлікке шықтым. Ақтөбеде менің атымдағы екі бөлмелі пәтерде тұратынбыз. Бір күні әйелім "Бұрынғы дәрігер ретінде саған пәтер берілуі керек. Сол үшін екеуміз ажырасып, пәтерді бауырымның атына жазып қояйық" деді. Ал тиісті құжаттардың бәріне қол қойылғаннан кейін мені үйден қуып шықты. Басқа барар жерім болмай, үйімнің терезесінің түбіне түнеп жүрдім. Сосын әйелім Алматыға жол билетін алып берді де, «қарындасың сені көргісі келеді» деп, осы жаққа алдап жіберді" деп жылады ақсақал.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 17 августа

Өте дұрыс жасаған. Ақылды адамшылығы мол əйел екен. Денсаулық тілеймін

[X]