Әміржан Қосанов: «Бұл үкімет «уақытша үкімет» секілді» - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әміржан Қосанов: «Бұл үкімет «уақытша үкімет» секілді»

Әміржан Қосанов: «Бұл үкімет «уақытша үкімет» секілді»

Бақытжан Сағынтаевтың Үкімет басшысы болып бекітілуі ұзақ күткен жаңалық болды. Көпшілік бөркін аспанға атып, премьерлікке қазақи адам к

  • 15 Қыркүйек 2016
  • 1173
Фото - Caravan.kz

Бақытжан Сағынтаевтың Үкімет басшысы болып бекітілуі ұзақ күткен жаңалық болды. Көпшілік бөркін аспанға атып, премьерлікке қазақи адам келді деп қуанды. Көп ұзамай оның орынбасары болып қазақ руханиятының жанашыры Иманғали Тасмағанбетовтың орналасуы саяси балшылар үшін тіптен күтпеген жайт болды. Экс-премьер-министр мен жаңа-премьер министр Сағынтаев үкіметінен не күтуге болады. Бұл туралы саясаткер Әміржан Қосанов Caravan.kz медиа-порталына өз ойын білдірді.

Сағынтаев үкіметінен не күтуге болады, қандай жаңалық, қандай жақсылық? 

— Әрине, жеке адамның ролін мүлдем жоққа шығаруға болмайды, сондықтан да Сағынтаев үкімет басшысы ретінде өзін жаңаша қырларынан көрсете алатын болар. Сағынтаев экономиканың аса бір қиын кезінде премьер боп отыр. Кез келген дағдарыс шешімділік пен табандылықты талап етеді, керек десеңіз, мінез болуы керек! Және де ондай қимыл танытуы үшін ол, әрине, Елбасынан тікелей тапсырма алуы тиіс, не оның сөзсіз қолдауына ие болуы тиіс. Онсыз оның қолынан ешнәрсе де келмейді! Алдымен, үкімет бұрын қабылдаған негізгі бағдарламларды қайта қарауы керек. Оның ішінде босқа қаржы шашуды қажет ететіндері баршылық. Онсыз ешқандай да өзгеріс не жаңалық болмайды. Жалпы алғанда, осы тағайындалған үкімет маған «уақытша үкімет» секілді көрініп тұр. Бәрін таяу уақыт көрсетер…

Орынбасары ретінде Иманғали Тасмағанбетовтың бекітілуі нені білдіреді?

— Тасмағамбетов өзін нақты нәтижеге жете алатын дағдарыс-менеджер ретінде танытып келеді. Ал үкіметтің дәл осы саласы – гуманитарлық және әлеуметтік мәселелер – бізде көптен бері лайықты вице-премьерге жарымай-ақ қойды. Бұл салада бірізділік жоқ, даулы мәселелер көбейіп кетті, олардың өзі халықтың наразылығын туғызып, биліктің беделіне орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Тасмағабетовтың вице-премьер боп тағайындалуы да өзінше бір қызық жайт, өйткені ол үкіметті де басқара алатын қайраткер емес пе? Меніңше, Елбасы оны ақсап тұрған осы бағытты түзеп, тәртіп орнатып, бір жөнге келтіру үшін ғана жіберіп отырған жоқ, бұл өзі терең талдауды қажет ететін тағайындау.

Үш тұғырлы тіл реформасын енгізу енді жалғаса ма, әлде бір шешімге келуге ықпал жасала ма?

— «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасына, әсіресе, оның мемлекеттік тілге тигізер зиянына қатысты ел тарапынан сын көп. Бәлкім, Имекеңнің келуі осы мәселенің оң шешілуіне өз септігін тигізер. Шет тілдерін оқу керек, бірақ ол қазақ тілінің есебінен жүргізілмеуі тиіс!

Мемлекеттік тіл мәселесі қандай дәрежеде болады?

— Үкіметтің ауысуы мемлкеттік тіл мәселесіне тура әсере етіп, түбегейлі өзгеріс енгізеді дегенге сену қиын, өйткені тіл мәселесі – жалпы саяси маңызы бар мәселе, оған Ақорданың өзі білек сыбана кіріспесе, ештеңе де өзгермейді.

Мәсімов үкіметі кезінде сап тиылған көші-қон енді қайта жандануы мүмкін бе?

— Көші-қон мәселесінінң екі жағы бар, бірі – Елбасы тарапынан саяси ерік-жігер болуы тиіс, екіншісі – қаржылық-ұйымдастыру мүкіншіліктері. Осы екеуі биліктен қолдау тапса, жағдай жақсауры тиіс.

Соңғы жаңалықтар