Астанада ерлі-зайыпты 6 миллион теңгеге бүйрек сатпақшы болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ерлі-зайыпты 6 миллион теңгеге бүйрек сатпақшы болған

Астанада ерлі-зайыпты 6 миллион теңгеге бүйрек сатпақшы болған

Сот ерлі-зайыптыны кінәлі деп танып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды

  • 19 Қаңтар 2018
  • 285
Фото - Caravan.kz

Ерлі-зайыпты интернет арқылы 6 миллион теңгеге бүйрек сатпақшы болған, деп хабарлады Sputnik Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2017 жылы Астана қаласының тұрғыны күйеуінің бір бүйрегін 6 миллион теңгеге сату мақсатында ғаламтордағы сайттарға арнайы хабарлама берген. Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ерлі-зайыпты Е. қатысты қылмыстық іс қаралды", — деп жазылған хабарламада.

Соттың мәліметінше, олар тірі органды сату бойынша заңсыз шарт жасасып, сатып алушыдан 6 000 000 теңге алған.


Сот үкімімен ерлі-зайыпты ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 166-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

Соңғы жаңалықтар