Еліміздің басым бөлігінде бүгін жаңбыр жауып, тұман түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің басым бөлігінде бүгін жаңбыр жауып, тұман түседі

Еліміздің басым бөлігінде бүгін жаңбыр жауып, тұман түседі

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет. 

  • 24 Қазан 2017
  • 146
Фото - Caravan.kz

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с болады, кей жерде көктайғақ, түнде және таңертең тұман түседі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с, тұман, көктайғақ болады. 

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең тұман түседі. 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.


 Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, найзағай болады.

Қарағанды,  Шығыс Қазақстан областырында тұман түсуі ықтимал.  

 

Соңғы жаңалықтар