Көптен бері көрінбей кеткен МС Сайлаубектің қазіргі жағдайы қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көптен бері көрінбей кеткен МС Сайлаубектің қазіргі жағдайы қандай?

Көптен бері көрінбей кеткен МС Сайлаубектің қазіргі жағдайы қандай?

"Жломана симана камана блэт" - осы сөйлемді естігенде әр қазақтың көңіл-күйі көтеріліп, күлімсірей бастайды. Өйткені, бірден ойға MC Сайлаубек есімді атышулы қазақтың қарапайым рэпері түседі.

  • 9 Қазан 2017
  • 8968
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz қоғамда біркелкі қабылдана бермейтін әншінің продюсерінен сұхбат алды

MC СайлаубекMC Сайлаубек. Фото — Kipyat.com

— Біріншіден, MC Сайлаубекпен қалай таныстыңыз? Продюсері ретінде жұмыс қалай басталды?

— МС Сайлаубекті өзім алғаш рет YouTube желісінде көрдім. Қызыққаным соншалық, сол кісі туралы жұрттан сұрастыра бастадым. Қандай кісі, қайдан болады, қай жерде тұрып жатыр дегендей. Күндердің бір күнінде кереметтей күн туып, кездесіп, таныстық. Шығармашылыққа берілген талантты адам болып шықты.

— Сіздің ойыңызша, Сайлаубектің жұлдызды жолы қалай басталды?

— Бәріміз білетіндей, әлеуметтік желілерде шыққан атақты видеожазбаларынан кейін Сайлаубек өзінің бұрынғы продюсерімен жұмыс істей бастаған. Алайда ол келісім-шартты бұзғаннан кейін, көп ұзамай, мен әншіге ұсыныс тастадым. Ол ұсынысты тез арада қабыл алып, бүгінгі таңда жұмыс істеп жатқанымызға 1 жылдай болып қалды.

— Шоу-бизнесте сол секілді жұлдыздар өзінің орынын таба ала ма?

— Әрине, қазіргі таңда отандық шоу-бизнеске бір-екі күнде баса көктеп кіру мүмкін емес. Сол себепті, менің ойымша, Сайлаубек отандық ән шығармашылық индустриясын "жарды". Керек десеңіз, бұл әлемдік тарихта болмаған жағдай.

Сайлаубек отандық ән шығармашылық индустриясын "жарды". Керек десеңіз, бұл әлемдік тарихта болмаған жағдай.

— Әйгілі болған "Жломана симана қамана блэт" секілді әндерді Сайлаубек қалай жазады? Импровизациялық өнер немесе алдын ала дайындалып жазылған нәрселер ме?

 

A post shared by Budni KZ  (@budnikz) on

— Жоқ, ән жазар алдында ешқандай алдын ала дайындық болмайды. Бәрі автоматты түрде суырып салма өлең болып шығады. Бұл да Сайлаубектің сондай бір таланты десем артық болмас.

— Жуырда НТК телеканалының "Ревю" бағдарламасында Сайлаубектің Алматыда тұрып жатқаны туралы айтылған болатын. Қазіргі жағдайы, алдағы жоспарлары қандай?

— Иә, шынымен де, Сайлаубек қазір Алматы қаласында "Саяхатта" орналасқан менің жеке пәтерімде тұрып жатыр. Оның қасында бауырларым, інілерім, достарым бар. Бір шопыр мен Думан Жармахан деген әнші де жанында. Тойларға шақыру болып тұрған кезде, Думан екеуі шығып, ән шырқап тұрады. Алда жоспарлар үлкен: шығармашылық жаңа белестер, жаңа әндер.

— Отандық шоу-бизнесте немесе көршілес жатқан елдердегі әншілердің қайсыларымен бірігіп жұмыс істедіңіздер?

— Сайлаубектің әлеуметтік желілердегі әндерінен кейін алғашқы болып студияда бірлесіп ән жазған Серікбол Сайлаубек болды. Ол ән отандық шоу-бизнесте хитқа айналды. Қазіргі кезде де Серікбол өзінің концерттеріне шақырып тұрады.

Шетел туралы айтатын болсақ, Сайлаубек ресейлік атышулы "Пусть говорят" бағдарламасында қонақ болған. Түсірілім кезінде, миллиондаған көрермен алдында әлемге әйгілі ресейлік рэп орындаушы Тимати Сайлаубекке ұсыныс қалдырған. Біз қабыл алдық . Бірақ, өкінішке қарай, Андрей Малаховтың бағдарламасында айтылған әңгіме сол жерде қалып қалды.

 

Соңғы жаңалықтар