Оралда көлікте отырған ұлының әрекеті әкесінің бір адамды қағып өлтіруіне себеп болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда көлікте отырған ұлының әрекеті әкесінің бір адамды қағып өлтіруіне себеп болды

Оралда көлікте отырған ұлының әрекеті әкесінің бір адамды қағып өлтіруіне себеп болды

Оралда Volkswagen көлігі жол жөндеушінің бірін қағып өлтірді.

  • 19 Мамыр 2017
  • 1858
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Volkswagen көлігі екі жөндеушіні қағып кетті.Оның бірі сол жерде мерт болды. Екіншісі емханаға жеткізілді. Жол жөндеушілерге техникалық қауіпсіздік туралы ақпарат айтылғаны белгісіз.

Жүргізушінің айтуынша, ол баласын бала-бақшаға апара жатқан. Ұлы көліктің артқы орындығында отырған. Әкесі дәл көпірдің үстінен өтіп бара жатқанда ұлы алдыңғы орнына ауыспақ болыпты. Осы кезде ұлына алаңдап отырған жүргізуші көлікті игере алмай қалған. Осылайша біреудің шалт қимылы бір адамды ажал құштырды.

Соңғы жаңалықтар