Жарияланды: 5735

Тұрсынғали мен Баянның тойы өтетін күн жақындады ма?

Тұрсынғали мен Баянның тойы өтетін күн жақындады ма? Сурет - Bnews.kz

Тұрсынғали Алагөзов кеше ғана әлеуметтік желіге бір сурет салып, жұртты қызықтырып қойды. Онда кәсіпкердің қалыңдығы, белгілі продюсер Баян Мақсатқызы (Есентаева) той көйлегімен тұр. 

Ал желі қолданушылары құттықтап, бақыт тілеп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz. Енді біреулер "Баянды неғыласың? Жас қыздар толып жүр ғой. Әлі де ойланарсың" дегенді де айтыпты.

Бірақ Алагөзов әлдеқашан ойланып қойған. Тіпті бірде Баян туралы: “Ол менің өмірімді өзгертті” деп жазған еді. 

Кейін екі ғашық Tengrinews.kz порталына бірлесіп берген сұхбатында өздерінің осы көктемде үйленейін деп жатқандарын айтқан болатын. «Көктемде күн жылыған кезде, бәлкім, мамыр айында тойлайтын шығармыз» деген еді бизнесмен. Ал енді сол Алагөзов айтқан уақыт та жақындап қалды. Оның үстіне Баян жұртқа той көйлегімен көрініп жатыр. Ендеше, көпшілік күткен дүбірлі тойдың да ауылы алыс емес сияқты. 

pogudx18c8q3216i1g.4c88d55a

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]