Украинада қазақстандық журналист Жанар Ахмет ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада қазақстандық журналист Жанар Ахмет ұсталды

Украинада қазақстандық журналист Жанар Ахмет ұсталды

Украинаның Киев облысында қазақстандық журналист әрі блогер Жанар Ахмет қамалды деп хабарлайды Азаттықтың Украин редакциясы. Жанар Ахметтің адвокаттарының бірі Владислав Грищенконың Азаттыққа айтуынша, журналист Интерполдың іздеуі бойынша 21 қазанда ұсталып, Вышгород қаласында уақытша тергеу изоляторына жабылған.

  • 23 Қазан 2017
  • 199
Фото - Caravan.kz

"Оны Киев облысының Киево-Святошинский ауданында ұстап, хаттама толтырды. Қазақстан Ахметке Қылмыстық кодексінің 177-бабы ("Алаяқтық") бойынша Интерполмен іздеу жариялап, сол бойынша ұсталған. Қазір ол Вышгородтың уақытша тергеу изоляторында отыр" деді адвокат.

Грищенконың сөзінше, 23 қазанда Киево-Святошинский аудандық соты Ахметті экстрадициялау мәселесі қаралғанша бұлтартпау шарасын белгілейді.

Адвокаттың айтуына қарағанда, Ахметтің кәмелетке толмаған баласы, Украинада журналистің туыстары жоқ болғандықтан бала қазір журналистің таныстарының қарауында.

Киев облысы полициясының өкілі Николай Жукович Азаттыққа журналистің тұтқындалғанын растады.

"Ол Вышгородтың уақытша қамау изоляторында отыр. Ол Украина Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 208-бабы ("Уәкілетті лауазымды тұлғаның ұстауы" бойынша, Интерполдың іздеуінде жүргендіктен ұсталды. Ертең, я арғы күні оны сотқа апарып, бұлтартпау шарасын тағайындайды" деді Жукович.

Жанар Ахметтің өзі Facebook-те 23 қазанға дейін сотты күтетінін және өзін қоғам қолдайтынынан үміттенетінін жазды. Жанар Ахмет өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды.


Алматыда тұрған, биліктің пробациялық бақылауында болған блогер Жанар Ахмет баласымен бірге Украинаға биыл көктемде қашып барған.

Жанар Ахмет оппозициялық "Трибуна. Саяси қалам" газетінде мақала жазып тұрған және әлеуметтік желілер арқылы қазақстандық биліктің атына сыни пікірлерді жариялап, тарататын белсенді ретінде танылған.

Соңғы жаңалықтар