"ВКонтакте" барлық қолданушысын жаңа интерфейске көшірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ВКонтакте" барлық қолданушысын жаңа интерфейске көшірді

"ВКонтакте" барлық қолданушысын жаңа интерфейске көшірді

"Вконтакте" әлеуметтік желісі 17 тамызда түнгі уақытта өз еркімен ауыспаған қолданушыларды жаңа дизайнға көшірді (2016 жылдың 1 сәуірінен бастап оны өз еркімен таңдау құқығы болған).

  • 17 Тамыз 2016
  • 279
Фото - Caravan.kz

Өз кезегінде әлеуметтік желіні қолданушылар бұрынғы дизайнды қайтаруды талап етіп отыр, — деп хабарлайды Rambler.ru.

"Вконтакте" желісінің жаңа дизайнымен қолданушылардың көп бөлігі бір ай бұрын танысқан. Қолданушылардың бір бөлігі ескі парақшаларымен қалған. Бүгін барлық қолданушының парақшалары жаңарды, жаңарту Мәскеу уақытымен 03.30-да басталған. Оған дейін шамамен 03.10-да әлеуметтік желілері ашылмай, CSS-стиліндегі сыртқы пішіні жоғалып кеткен.

Соған қарамастан change.org сайтында қолданушы Максим Литмани адамдарға әлеуметтік желінің ескі нұсқасы мен жаңа нұсқасын таңдау құқығы берілуін өтініп, петиция жариялаған. 

"Неге сіздердің дизайндарыңыз 80 пайызға "Одноклассники" желісіне ұқсас, олардың дизайны сәтсіз әрі ыңғайсыз екені барлық адамға белгілі. Неге қателікті қайталайсыздар? Ескі нұсқасы маған қатты ұнайды. Тағы бір байқағаным — көздерім тез шаршайды", — деп жазады петицияның авторы.


"Ескі нұсқасына қайтып оралу мүмкін емес. Сайтқа 10 жыл болды, ол ертеңгі күннің стандарттарына сәйкес болуы тиіс", — деп жауап қайтарды әлеуметтік желінің техникалық қызмет көрсету орталығының өкілдері.
 

Соңғы жаңалықтар