Жаңа жыл түнінде қаскөйлер бір отбасына шабуыл жасап, ондағыларды атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа жыл түнінде қаскөйлер бір отбасына шабуыл жасап, ондағыларды атып өлтірді

Жаңа жыл түнінде қаскөйлер бір отбасына шабуыл жасап, ондағыларды атып өлтірді

Жаңа жыл түнінде жас жігіттер бір шаңырақты ортасына түсірді. Қылмыскерлер анасы мен қызын өлтіргеннен кейін 400 мыңнан астам теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен.

  • 2 Қаңтар 2018
  • 1631
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның Беловодское ауылында екі әйелді өлтірді деген күдікпен үш жас жігіт ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Шу ішкі істер бас басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жыл түні белгісіз біреулер Беловодское ауылында тұратын отбасыға қарақшылық шабуыл жасап, анасы мен қызын атып кеткен. Қылмыскерлер үйдегі 100 мың сомды (400 мыңнан аса теңге) алып, ізін жасырған.  

Әйелдер сол жерде жан тапсырған. Сондай-ақ отағасы  жарақат алған.  


"2 қаңтар күні таңертең жедел қызметкерлер 19, 20 және 23 жастағы үш күдіктіні ұстады. Олар Бішкек және Шу облысының тумасы", — деп хабарлады ішкі істер бас басқармасы. 

Ұсталғандардан жауап алынып жатыр.  

Соңғы жаңалықтар