Доллар - 500 теңге. Ол мүмкін бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар - 500 теңге. Ол мүмкін бе?

Доллар - 500 теңге. Ол мүмкін бе?

Маусымда неге доллар өсуде?

  • 20 Маусым
  • 36
Фото: ашық дереккөз

Маусым айының ортасына таман доллар құны 450 теңгеден аса бастағанда, халықты бір ғана сұрақ мазалап келеді: Доллар өсе ме? Бұл сұраққа белгілі қаржы сарапшысы Айбар Олжаев жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Елімізде доллардың нарықтық құны Қазақстан қор биржасында (KASE) kzt/usd деген жұптағы сауда-саттық нәтижесінде анықталады. Доллар көбірек сатып алынса, доллар өсе бастайды. Көбірек сатылса, керісінше теңге өседі. Биыл мамыр айында теңге-доллар бойынша сауда 5 миллиард $ көлемінде болды.

Осының ішінде, мамыр айында мемлекет бюджетке теңге аудару үшін биржада 800 миллион долларды теңгеге айырбастады. Ал Зейнетақы қоры керісінше адамдардан жиналған теңгені валютаға ауыстырып алу үшін 500 миллион доллар сатып алды. Сонда мамырда мемлекет тарапынан 300 миллион доллар номиналындағы валюта нарыққа шықты деп айтуға болады. +300 млн $ доллар режимінде курс 447,25 көрсетті.

Маусымда неге доллар өсуде?

Маусым айында мемлекеттің валюта нарығында не істегені туралы қорытынды есебі тек шілденің алғашқы жартысында шығады. Бірақ бізде мемлекеттің маусым айына арналған жоспары бар. Сол жоспарға қарап, белгілі бір заңдылықты көре аламыз.

Маусымда мемлекет бюджет қажеттілігі үшін биржада орта есеппен 400 миллион доллар сатпақ болған. Бұл мамырдағы көлемнен екі есе төмен. Ал Зейнетақы қоры қарқынын аса төмендетпей, 300 миллион доллар сатып аламыз деген жоспарда болған. Демек, маусымда мемлекет тарапынан артық 100 миллион доллар валюта нарыққа шығады. Бұл мамырдағы көлемнен үш есе төмен. Яғни, долларды сату ортақ нарықта да төмендейді. Осыған сәйкес, доллар автоматты түрде өсуі тиіс.

Кеше KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша курс 459,75 болды. Мамыр айымен салыстырғанда +12,5 теңге. Сонда біз доллар сату көлемінің 200 миллион долларға азаюы курсты 12,5 теңгеге қымбаттатқанын көре аламыз.

Мұнай ше, рубль ше?

Мұнай — ия, теңге құнындағы негізгі фактор. Бірақ бұл жолғы құбылуларда ол ешқандай рөл ойнамады. Себебі мамырда қалай Брент баррелі +80$ болып тұрды, қазір де сол. Мұнай сату көлемінде де еш өзгеріс болмаған.

Рубль теңгеге әлсіз әсер ететін, тек Ресейдің азық-түлік импорты каналы арқылы келетін фактор. Және ол ұзақ жүреді. Рубльдегі өзгерістер теңгеге фундаменталды түрде (импорт/экспорт операцияларының (отложенный платеж) кешігіп төленетінін ескерсек) кемінде 90 күннен кейін бірақ жетеді. Демек бұл құбылмалы жағдайға рубльдің қатысы жоқ.

Доллар 500 теңге бола ма?

Еш проблемасыз, тіпті 600 теңге бола алады. Бірақ ол үшін мұнай баррелі 20-25 доллар болып құлдырауы тиіс. Әзірге ешбір инвестициялық банк пен валюта қорлары ондай сценарий болжап отырған жоқ.

Ал мемлекет биржада доллар сатудан кетіп қалса, курс 470-480 болуы керек еді. Өкінішке орай, мемлекет бұл нарықтан кетер емес. Казмұнайгаз акцияларымен схема ойлап тапқан генийлер, енді тура солай Қазатомпром акцияларын жәукемдемек. Демек, «Қазатомпром операциясынан» бюджетке теңгелер жауын болып жауа бастағанда, курс қайта 440 деңгейіне беттейтіні анық.

Бұл біздің Ұлттық қор, алтын-валюта резервтері үшін «бір теңге жақсы, екіншісі өкінішке орай». Неге олай айтқанымды алдағы уақытта түсіндіремін.