Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды?

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды?

Өтіп бара жатқан жылан жылы қазақстандықтарға оңай болған жоқ. 

  • 25 Желтоқсан
  • 43
Фото: demos.kz

Қазақстандықтар өтіп бара жатқан жылдағы басты оқиғалар мен мәселелер бойынша ойларымен бөлісті. Caravan.kz медиа порталының тілшісі жалғастырады. 

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі басты оқиғалар мен халықты алаңдатқан мәселелерге қатысты әлеуметтік сауалнама нәтижесін жариялады.

Зерттеу қорытындысы көрсеткендей, биылғы жыл халық үшін экономикалық тұрғыдан күрделі болған. 

Азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік реформаларға күмәнмен қарап, үкіметке деген сенім деңгейінің төмендігін білдірді.

Халықты не мазалайды? 

Екінші жыл қатарынан халықты мазалайтын негізгі түйткілдердің динамикасы нашарлап отыр:

Табыстың төмендігі – 40,9% (өткен жылдан 3,3%-ға өскен).

Қымбатшылық (азық-түлік пен тауар бағасының өсуі) – 35,6%.

Жемқорлық – 32%.

Сонымен қатар, респонденттердің жартысына жуығы (49,4%) экологияның нашарлағанын, ал 41,9%-ы өмір сапасының төмендегенін атап өткен.

Қазақстандықтар үшін 2025 жылдың ең елеулі оқиғалары ретінде мыналар аталды:

Спорттағы сенсация: «Қайрат» ФК-ның Чемпиондар лигасына шығуы және «Реал Мадридтің» Алматыға келуі (10,8%).

Экономикалық қысым: Инфляция мен бағаның өсуі (8,1%).

Спорттық жетістіктер: Г. Головкин мен Е. Рыбакинаның жеңістері (4,5%).

Әйтсе де, азаматтар оң бағалаған салалар басым екенін де атап өткен жөн. Мәселен, қазақстандықтардың үштен бірі білім беру жүйесінде (31,7%) және заң мен қауіпсіздік саласында (31,7%) жағдай жақсарды деп есептейді. 

Көпшіліктің пікіріне сүйенсек, денсаулық сақтау (42,5%) мен саяси және азаматтық құқықтар (34,4%) саласында жағдай өзгермеген. 

Жағдайдың қиындығына қарамастан, қазақстандықтардың 62,6%-ы 2025 жылды «жағымды» деп бағалаған. Ал 2026 жылға деген үміт одан да жоғары. Респонденттердің 65,5%-ы келер жыл бұдан да жақсы болады деп сенеді.

Перейти к новостям спорта