Олимпиада - 2026: Могулшы Павел Колмаков финалға жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада - 2026: Могулшы Павел Колмаков финалға жолдама алды

Олимпиада - 2026: Могулшы Павел Колмаков финалға жолдама алды

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиаданың іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

  • 10 Ақпан
  • 80
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Финалдық кезеңге өту үшін үздік ондыққа ену қажет еді. Ал қалған спортшылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.

Павел Колмаков 9-орынға тұрақтады. Осылайша ол финалдық кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, 10 ақпанда әйелдер арасында іріктеу жарысы да өтеді. Сайыс Астана уақытымен 18:15-те басталады.