Жарияланды: 1500

Ардақ Назаров Арманның жекпе-жектегі жеңілу себебін түсіндірді

Ардақ Назаров Арманның жекпе-жектегі  жеңілу себебін түсіндірді Сурет - Qamshy.kz

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің бірнеше дүркін  чемпионы Ардақ Назаров  Алматыда өткен халықаралық турнирде жеңіліс тапқан Арман Оспаоновтың жарақаты болғаны айтты, Ол бұл туралы өзінің Instgram парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

- Арман - Қазақтың батыры. Ол осы уақытқа дейін Əлемдік ареналарда елімізге көптеген жеңістер сыйлаған нағыз азамат. Денсаулығының сыр беруіне қарамастан кешегі жарысқа шығуы үлкен ерлік, жігіттік. Арман, бауырым, біз сенімен біргеміз. Сенің жеңістерің əлі алда. Тезірек жазылып шық. Бəрі жақсы болады. Алла қаласа, алдағы уақытта сенің талай жеңістеріңнің куəсі боламыз, - депті А.Назаров.

Еске салсақ, өткен аптада  АСВ 69 «Young eagles 22»  жарысында Арман Оспанов қарсыласы бразилиялық Тьяго Луис Силвадан жеңіліп қалды.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін