Жарияланды: 40

Ардақ Назаров сегізбұрышқа қайта оралатынын айтты

Ардақ Назаров сегізбұрышқа қайта оралатынын айтты

Аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы болған Ардақ Назаров сегізбұрышқа қайта оралатынын айтты.


Елімізге танымал спортшы Ардақ Назаров ММА спортына жақында қайта оралатынын айтты. Бұл туралы спортшы өзінің инстаграммдағы ресми парақшасында жария етті.

"Менің әлеміме қош келдіңіз! Жақында қайтып ораламын", –деді Ардақ Назаров.

Айта кетейік, Ардақ Назаров сегізбұрыштағы соңғы жекпе-жегін 2011 жылы MMA Xplosion — International Team Challenge турнирінде өткізіп, Дэйв Курчейнді нокаутпен жеңген болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін