Арман Оспановты өз отандастары аяқтан шалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арман Оспановты өз отандастары аяқтан шалды

Арман Оспановты өз отандастары аяқтан шалды

Қазақстандық ММА спортшысы Арман Оспановтың 18 наурызда АҚШ-та өтетін WSOF турниріне неге қатыспайтыны белгілі болды.

  • 6 Наурыз 2017
  • 3517
Фото - Caravan.kz

«Алаш Прайд» клубының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Марат Ахметов бастаған белгісіз бір топ әдейі осы жарысқа аз уақыт қалғанда WSOF басшылығына, Jacksion Wink MMA академиясына, менеджері Али Абделазизге бірнеше рет мынандай хаттар жолдапты:

«Қайырлы күн, Sefo мырза!

Қазақстандық Арман Оспанов сіз ұйымдастыратын іс-шаралардың біріне қатысатынын көрдім. Мынадай жағдайды хабарлауға рұқсат етіңіз: Арман Оспанов допинг (кленбутерол) қолданғаны үшін ресми түрде 02.12.2015 – 02.12.2019 жылдар арасында жарыстарға қатыса алмайды. Өз елімнің азаматы ретінде мұндай әділетсіздік пен адамдарымыздың қылмыстарына жол бере алмаймын. Қазақстанда басқа да лайықты спортшылар бар деп ойлаймын. Еліміз туралы қосымша жанжалдың болғанын қаламаймын.

Бұл ақпараттың авторын құпия түрінде қалдыруыңызды сұраймын.


Құрметпен, қазақстандық досыңыз», — деп жазылған хатта.

Алайда «Алаш Прайд» өкілдері Арманға басқа да ұсыныстар түскенін айтып отыр. Олар Оспановпен келісім-шартын бұзбайды. Арманның өзі елге оралған соң алдағы жоспарларымен бөліспек.

Соңғы жаңалықтар