"Барыс" және "Ақтөбе" ойыны төбелеспен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Барыс" және "Ақтөбе" ойыны төбелеспен аяқталды

"Барыс" және "Ақтөбе" ойыны төбелеспен аяқталды

Ойын 19 қаңтарда Ақтөбеде өтіп, 5:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

  • 20 Қаңтар 2019
  • 41
Фото - Caravan.kz

Хоккейден қазақстандық "Жастар" жасөсіпірімдер лигасында "Ақтөбе" мен "Барыс" клубтары арасында өткен ойында жанжал шықты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 19 қаңтарда Ақтөбеде өтіп, 5:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Кездесудің аяқталуына он минут қалғанда, мұз үстінде бірнеше рет төбелес шықты.

Соның салдарынан елордалық команданың ойыншылары Владислав Комаров пен Ансар Шайхмедденов 25 минут, ал Станислав Александров — 12 минут, Хақназар Кеңесбай — 20 минут айыппұл салды. "Ақтөбе" сапында тек Владимир Шлычковты 14 минутқа алаңнан қуды.

Ойын аяқталғанда Ақтөбе полицейлері қауіпсіздік шарасы үшін қонақтарды қонақ үйге дейін автобусты күзетіп жеткізуге тура келген. "Ақтөбенің футбол фанаттары төбелес құмар екенін білуші едім, бірақ мұны хоккейде жасап не керегі бар? "Жастар" лига. Мына бассыздар балаларға шабуылдағаннан кейін оларды қонақүйге дейін жеткізіп салуға тура келді. Бірақ бұның өзі оларды тоқтата алар емес", — деді белгілі хоккей комментаторы Александр Олейник.

Соңғы жаңалықтар