Жарияланды: 30

Батыр Жүкембаевтың дивизионындағы "Темір адам" әлем чемпионы титулдарын біріктіретін жекпе-жекке шықпақ

Батыр Жүкембаевтың дивизионындағы "Темір адам" әлем чемпионы титулдарын біріктіретін жекпе-жекке шықпақ

Қазақстандық боксшы АҚШ-та өнер көрсететін болады.

Бірінші орта салмақта "Темір адам" (Iron Man) лақап атты WBC чемпионы Жермелл Чарло (33-1, 17 КО) осы дивизионда WBA "регуляр" титулына ие Эрисланди Лараға (26-3-3, 15 КО) қарсы ерікті қорғау жекпе-жегін өткізу жайлы Бүкіләлмдік бокс кеңесіне (WBC) ұсыныс жолдады, - деп хабарлайды vRINGe.com.

WBA ұйымының толыққанды чемпионы Хейсон Росарио (20-1-1, 14 КО).

Айта кетейік, е-Чарло мен Лара бұрын бірге жаттығып, бір-біріне спарринг серіктес болған: екеуін де Ронни Шилдс баптаған, алайда, кейін Жермелл басқа маман Деррик Джеймстің қол астына өткен.

Алайда бұл жекпе-жек өашан өтері белгісіз, өйткені, екі боксшының да ісін жүргізетін Premier Boxing Champions наурыз, сәуірмен қоса, мамырдағы жекпе-жектердің барлығын шегерген.

Еске салайық, бұл салмақта WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарына ие қазақстандық Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) та өнер көрсетеді. Кәсіпқойдағы жекпе-жектерін Канадада өткізіп келген қазақстандық нокаутшы алда АҚШ-та жұдырықтаспақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін