Данияр Елеусіновтың қарсыласы жекпе-жек алдында аяқ асты ауысып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусіновтың қарсыласы жекпе-жек алдында  аяқ асты ауысып кетті

Данияр Елеусіновтың қарсыласы жекпе-жек алдында аяқ асты ауысып кетті

Басында қазақстандық боксшының қарсыласы венгриялық Габор Горбич болады деп жоспарланған еді.

  • 5 Маусым 2018
  • 28
Фото - Caravan.kz

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы екінші кездесуіне қарсыласы ауысты, — деп хабарлайды Vesti.kz қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиевке сілтеме жасап.

Басында қазақстандық боксшының қарсыласы венгриялық Габор Горбич (24-11, 14 КО) болады деп жоспарланған еді. Ол жаттығу кезінде жарақат алып, шаршы алаңға шыға алмайтын болды.

Осылайша Елеусіновтың келесі қарсыласы Венгрияның басқа бір боксшысы — Золтан Шабо болады. 24 жастағы Шабо кәсіпқой боксқа 2016 жылы қарашада келді. Ол спорттық мансабындағы тоғыз жекпе-жекті жеңіп, содан кейінгі кездесулерінде сәтсіздікке ұшыраған. Ол Ұлыбританияда, Венгрияда, Германия, Украина, Италия және Ресейде өнер көрсеткен.

Данияр Елеусінов 6 маусымнан 7 маусымға ауысатын күні Лондонда York Hall аренасында өнер көрсетеді. Қазақстан жерінде кездесуді тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 1:55-те басталады.


Еске салайық, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center спорт кешенінде орта салмақтағы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасындағы бокс кешінің андеркартында өткізді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыздың қарсыласы америкалық Ноа Кидд (3-1-1, 2 КО) болды. Біз кездесуде Елеусінов төртінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар