«Еуразия Барысы» турнирі 1 желтоқсанда басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еуразия Барысы» турнирі 1 желтоқсанда басталады

«Еуразия Барысы» турнирі 1 желтоқсанда басталады

2016 жылдың 1 желтоқсанында «Алматы Арена» мұз сарайында өтетін «Еуразия Барысы» дәстүрлі халықаралық турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 13:00- ден бастап тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды BNews.kz.

  • 29 Қараша 2016
  • 892
Фото - Caravan.kz

2013 жылдан өткізіліп келе жатқан байрақты бәсекеге биыл 8 елдің балуаны келеді. Бұл жолғы додаға қазақ батырларынан өзге Грузия, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан спортшылары қатысады. Биылғы турнирге қатысушылар арасында әлемдік жұлдыздар көп. Грузия құрамасы атынан самбодан төрт дүркін чемпион В.Чидрашвили, Еуропаның екі дүркін чемпионы Д.Лариошвили, әлем және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары шығады. Моңғолияның намысын самбодан әлем чемпионы А.Байараа, дзюдодан Әлемдік Гран-прилер жеңімпазы Х.Ганболд, сондай-ақ «Еуразия Барысы» турнирінің 2014 жылғы жеңімпаздары қорғайды.

Ал Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар арасында Қажымұқанның мұрагерлері атына лайық Марат Нығматуллаев, Ержан Мағауинов, Бақдәулет Сәбитов, Айдос Ғалымов, Дәулет Пахриденов, Айбол Айтбек және Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров секілді сом білекті, арыстан жүректі жігіттер бар.

Әр команда 1 төреші, 1 бапкер және 8 салмақ дәрежесінде шығатын (55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары) 8 балуаннан тұрады. Балуандардың жасы міндетті түрде 18-ден асқан және өзі келген елдің азаматы болуы шарт. Сонымен қатар, олар міндетті түрде медициналық тексеруден, салмақ өлшеуден, допинг-тесттен және дайындық жаттығудан өтеді.


Соңғы жаңалықтар