Еуро-2024 іріктеуіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуро-2024 іріктеуіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Еуро-2024 іріктеуіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы ойынға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

  • 1 Маусым 2023
  • 73
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақ футболы тарихында алғаш рет ұлттық құрамаға шақырылған ойыншылар тікелей эфир арқылы хабарланды. Әлемдегі көптеген елде мұндай тәжірибе бар.

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Шахтер"), Данил Устименко ("Қайрат") және Бекхан Шайзада ("Ордабасы").

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де — "Ордабасы"), Александр Марочкин ("Тобыл"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (бәрі — "Астана"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Лев Скворцов ("Химки", Ресей), Ян Вороговский ("Моленбек", Бельгия) және Еркін Тапалов ("Қызыл-Жар").

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов (бәрі — "Астана"), Асхат Тағыберген ("Ордабасы"), Рамазан Оразов ("Тобыл"), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де — "Ақтөбе") және Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей).


Шабуылшылар: Абат Аймыбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де — "Астана"), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де — "Қайрат").

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. 16 маусым күні Магомед Адиев шәкірттері Пармада (Италия) Сан-Марино құрамасымен ойнаса, араға үш күн сала Белфастта Солтүстік Ирландиямен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар