Жарияланды: 540

Футбол: «Астана» командасы «Селтиктен» ойсырай жеңілді

Футбол: «Астана» командасы «Селтиктен» ойсырай жеңілді

«Чемпиондар Лигасындағы алғашқы іріктеу матчында Селтик» командасы «Астананы» ойсырата жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Глазгодағы ойын алаң иелерінің айқын басымдылығымен аяқталды - 5:0.

Алдымен 32-минутта Евгений Постников өз қақпасына доп соқты, артынша шотландиялық Скотт Синклер қатарынан екі гол салды (42-60 минуттарда) Сондай-ақ Джеймс Форрестің тепкен добы қақпадан бір-ақ шықты (79-ші),  ал 88-минутта жерлестеріміз тағы да қателікке бой алдырды. Игорь Шитовтың аяғына тиіп кейін серпілген теңбіл доп қақпаға кіріп кетті.  

Бұл жеңіліс турнир тарихында «Астана» үшін ең ірісі болды. Бұдан бұрын тап осындай жағдай  өткен жылғы қазанда 2015/16-маусымының  топтық кезеңдегі матчында болған. Сырт алаңда ойнаған «Астана» мадриттік «Атлетикадан» тап осыған жетеқабыл есеппен жеңілген еді (0:4).


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін