Головкиннің 5 мамырға жоспарланған кездесуі өтпеуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкиннің 5 мамырға жоспарланған кездесуі өтпеуі мүмкін

Головкиннің 5 мамырға жоспарланған кездесуі өтпеуі мүмкін

Отандасымыздың 5 мамырда жұдырықтасуына бірнеше себептер кедергі болып отыр

  • 11 Сәуiр 2018
  • 24
Фото - Caravan.kz

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің 5-мамырға жоспарланған кездесуі өтпеуі мүмкін. Бұл туралы Boxingscene.com порталы хабарлайды.

Өз дереккөздеріне сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша Головкиннің кездесуі түрлі себептерге байланысты шынымен өтпей қалуы мүмкін.

Біріншіден, мексикалық Сауль "Канело" Альварестің орнын басатын қарсылас табу барысында біраз қиындықтар туындап тұр.

Екіншіден, жекпе-жекті ұйымдастыру үшін бар болғаны бір ай ғана қалды. Оның үстіне кездесуді Лас-Вегастан Лос-Анджелес қаласына ауыстыруы да мүмкін. Бірақ ұйымдастырушыларда тоғыз мың жанкүйерге арналған StubHub Center спорт кешенінің билеттерін сатуға үлгере алмайды.

Сонымен қатар жағдайды IBF ұйымы да қиындатып тұр. Головкин бұл белбеуін Сергей Деревянченкоға қарсы кездесуден қорғауы керек. Украиналық боксшының командасы Альварестің орнына кездесуді ұйымдастырып беру туралы өтініш білдірген.

Айта кетейік, отандасымыз IBF белбеуін соңғы рет 2016 жылы Доминик Уэйдқа қарсы қорғаған болатын. Бірақ Головкиннің промоутері Том Леффлер IBF ұйымымен келісімге келе алмады.

 

Ұқсас тақырыптар: 

Сауль Альварес: Головкин менен қорқады
Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін
Головкин мен "Канело" арасындағы екінші жекпе-жектің өтетін уақыты өзгертілді
 
Соңғы жаңалықтар