Конфедерация кубогы: Қай облыс топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конфедерация кубогы: Қай облыс топ жарды

Конфедерация кубогы: Қай облыс топ жарды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде 2017 жылғы Конфедерация кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 664
Фото - Caravan.kz

Спорттың алты түрі бокс, грек-рим, еркін, дзюдо және қазақ күресінен, сондай-ақ, таэквондодан сайысқа түскен әр өңір спортшылары өзара кіл мықтыларды анықтады.

Енді осы спорт түрлері бойынша қай облыс спортшылары жеңімпаз болғанына тоқталайық.

Бокс:

Бокстан Оңтүстік Қазақстан облысының былғары қолғап шеберлері топ жарды. Олар финалда Маңғыстау облысының командасын 7:3 есебімен ұтып, Конфедерация кубогының иегері атанды.

Грек-рим күресі:

Грек-рим күресі бойынша Алматы облысы бас жүлдені жеңіп алды. Олар финалда Қарағанды облысының спортшыларын 5:3 есебімен қапы қалдырды.

Еркін күрес:

Еркін күрестен Алматы облысының балуандары Конфедерация кубогын қанжығаларына байлады. Олар финалда Шығыс Қазақстан облыстарының балуандарымен 4:4 есебімен тең түскен болатын. Алайда, ұйымдастырушылар тең нәтиженің жеңімпаздарын екі облыстан келген балуандардың күресу мәнері мен әдіс жасау сапасы бойынша бағалап, 42:40 есебімен Алматы облысының балуандарын үздік деп тапты.

Дзюдо:

Дзюдо күресінен Қарағанды облысының балуандары мықты екендерін дәлелдеді. Олар финалда Ақтөбе облысының балуандарын 4:1 есебімен ойсырата жеңді.


Таэквондо:

Таэквондо спорты бойынша Алматы қаласының спортшылары үздік екенін мойындатты. Олар финалда Алматы облысынан келген қарсыластарын 72:42 есебімен ұтып, Конфедерация кубогын қанжығаларына байлады.

Қазақ күресі:

Конфедерация кубогына биыл тұңғыш рет қосылған қазақ күресінен «Алматы қаласының спорт клубы» жеңімпаз атанды. Олар финалда «Қарағанды облысының спорт клубы» 5:3 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.

Осылайша спорттың 6 түрінен өткен Конфедерация Кубогы өзара мықтыларды анықтады. Спорттың әр түрінен жеңімпаз атанған командаларға 25 миллион теңгеден қаржылай сыйақы табысталды.

Соңғы жаңалықтар