Ларри Мерчант: «Мэйуэзер Головкиннен қорқады» - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ларри Мерчант: «Мэйуэзер Головкиннен қорқады»

Ларри Мерчант: «Мэйуэзер Головкиннен қорқады»

Америкалық бокс сарапшысы Ларри Мерчант кіші Флойд Мэйуэзерді  (48-0, 26 КО) өзінің кезекті қарсыласы ретінде Андре Бертоны (30-3, 23 КО)  таңдаған үшін сынағандардың қатарында. 

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 413
Фото - Caravan.kz

Мерчанттың пікірінше, жартылай орта салмақта Бертоға қарағанда, мықтырақ боксшылар бар. Негізінен, Мэйуэзер Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы тиіс.

 «Не болып жатқанын өзім де түсінбеймін. Бұл айқасты не үшін көруіміз қажет? Берто соңғы алты айқасының үшеуінде жеңілді. Одан мықты да қарсыластар бар. Бокстың жанкүйерлері неге бұлай болғанын түсінбей дал», -деп Мерчанттың сөзін келтірді TMZ.

 «Мэйуэзердің Головкинге қарсы айқасы қызықтырақ болар еді. Бірақ ол Головкиннен қорқады, сосын да одан қашқақтайды.  Алайда, одан басқа да оған барынша кедергі келтіре алатын жас орта салмақтағы боксшылар жетерлік», — деді ол.


Айта кетейік, Мэйуэзер-Берто жекпе-жегі ЛасВегаста (АҚШ) осы сенбіде өтеді, деп жазады Спортс.кз.