"Оңбай таяқ жеп еді": Жәнібек Әлімханұлы жасаған нокаут "Жыл нокауты" болып танылды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оңбай таяқ жеп еді": Жәнібек Әлімханұлы жасаған нокаут "Жыл нокауты" болып танылды (ВИДЕО)

"Оңбай таяқ жеп еді": Жәнібек Әлімханұлы жасаған нокаут "Жыл нокауты" болып танылды (ВИДЕО)

Белгілі боксшы Жәнібек Әлімханұлының нокауты  әлемдегі "жыл нокауты" болып танылды.

  • 30 Желтоқсан 2020
  • 2987
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол желідегі жеке парақшасында жария етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Құтты болсын, Қазақ елі! Қазақ баласы QAZAQ STYLE Жәнібек Әлімханұлы жасаған нокаут ЖЫЛ НОКАУТЫ болып тіркелді. Бұл ел үшін үлкен абырой", деп жазды боксшы.

Еске салсақ, бокс кеші қазан айының басынд АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегаста өткен болатын. Қазақ стилін әлемдік аренада танытып жүрген Әлімханұлының сол кештегі қарсылсы  аргентиналық Гонсало Кория  еді. 

27 жастағы қазақ боксшысының қарсыласы да осал болмады. 23 жасқа жаңа толған аргентиналық Гонсало Кория (16-3, 6 КО) жас та болса тәжірибелі. Алайда  9 раундқа жоспарланған кездесуді отандасымыз екінші раундта ауыр нокаудпен аяқтады. Кория сол соққыдан көпке дейін есін жия алмаған еді.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар