Батыс Қазақстанда киіктерді ату басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда киіктерді ату басталды

Батыс Қазақстанда киіктерді ату басталды

Батыс Қазақстан облысында киіктердің санын реттеу жұмыстары басталды

  • 4 Шiлде
  • 13
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ату жұмыстары 30 қарашаға дейін жалғасады.

— Киік популяциясын реттеу табиғи тепе-теңдікті сақтау, жайылымдарға келетін зиянның алдын алу және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау мақсатында жүргізіледі, – деп мәлімдеді БҚО әкімдігі.

Жұмысқа 40-қа жуық маман тартылып, 4 арнайы бригада құрылған. Әр бригадаға үш техникадан берілген – барлығы 12 көлік жұмылдырылған.

ҚАНША КИІКТІ АТАДЫ

БҚО аумағындағы киік саны 2,3 миллионға жеткен.

— Ғалымдар дайындаған биологиялық негіздемеге сәйкес, популяцияға зиян келтірмей, жалпы санның 20 пайызына дейін, яғни 460 мың басқа дейін реттеуге болады. Бұл шектеу ғылыми зерттеулер мен табиғи тепе-теңдікті сақтау талаптарына негізделген, – делінген хабарламада.

ЕТТІ НЕ ҮШІН ПАЙДАЛАНБАҚ

— Атылған киіктердің еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі. Атап айтқанда, өнімді «Кублей» ЖШС, «Жеңіс» ЖК, «Батыс-Нық» ЖШС және «Хаиров» ЖК қабылдайды. Алдағы уақытта бұл процеске өзге де ет комбинаттарын тарту жоспарланып отыр, — деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов.