Бұл ойын айдын иелері үшін оңайға түскен жоқ. Бірінші таймның 24-минутында қонақтардан Андрей Смирнов «Ақжайық» қақпасының кілтін тапса, 60-минутта Марат Юмангулов, 75-минутта Михаил Нижник есепті 3:0-ге жеткізді. Дегенмен оралдықтар өз айдынында ұтылып қалмау үшін барын салды. 78-минутта Нұрлан Оразғалиев мергендік танытса, арада екі минут өткенде тағы бір қазақ ойыншысы Самат Аманшин есепті қысқартты. 87-минутта Нұрлан Оразғалиев тағы да қонақтардың қақпасынан саңылау тауып, есепті 3:3-ке жеткізді. Сәлден кейін тартысты өткен ойын да аяқталды.
Бүгін, 19 желтоқсан күні аталған командалар екінші кездесуін өткізеді.