Елімздің кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам өзінің промоутерлік компаниясын ашқаны жайлы өзінің инстаграммдағы ресми парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Қанат Ислам Америкада "QAZAQ promotions" промоутерлік компаниясын ашты. "QAZAQ promotions" Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде "Main event" промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу ең басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде",- деп жазды былғары қолғап шебері.
Қазір Қанат Ислам Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз: