Қанат Ислам Алматыда өтетін «Универсиаданың спорттық елшісі» атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанат Ислам Алматыда өтетін «Универсиаданың спорттық елшісі» атанды

Қанат Ислам Алматыда өтетін «Универсиаданың спорттық елшісі» атанды

 

  • 5 Тамыз 2016
  • 380
Фото - Caravan.kz

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, деп хабарланды қалалық әкімдіктің ресми сайтында.

Қала әкімі Алматыда 2017 жылы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтетіндігін, қаланың қазір қызу дайындық үстінде екенін атап өтті.

«Біздің міндет — әлем көз тігетін спорттық жарысты барынша жоғары деңгейде өткізу. Осыған орай, нақтылы шаралар жоспарлары жасалған. Соның бірі ретінде «Универсиаданың спорттық елшісі» деген қоғамдық қызметті енгізіп отырмыз. Оған Сіздің кандидатураңызды ұсынбақпыз. Өйткені, Сіз жанқиярлық еңбегіңіздің арқасында спортта әлемдік деңгейге көтерілгендердің бірісіз. Біз Сізді мақтан тұтамыз! Жекпе-жекте жеңіске жетіп, әлем чемпионы болуыңа тілектеспін», — деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы ұстіміздегі жылдың 29 қазанында Алматыда кәсіпқой боксшының WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткізетін жекпе-жегіне қолдау көрсететінін айтты


Соңғы жаңалықтар