"Қазақ титаны" "ирандық Халкты" нокаутқа жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ титаны" "ирандық Халкты" нокаутқа жіберді

"Қазақ титаны" "ирандық Халкты" нокаутқа жіберді

"Қазақ титаны" лақап атымен танылған қазақстандық алып Алмат Жұманов Дубайда (БАӘ) Dubai P7 Arena шаршы алаңында өткен Wicked N' Bad промоутерлік турнирінде өнер көрсетті.

  • 1 Тамыз 2022
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жұманов өзін "ирандық Халк" деп атайтын Саджад Гарибимен жекпе-жек өткізді. Олар бокс ережесі бойынша әрқайсысы екі минуттан төрт раундтық форматта жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте жеңісті "Қазақ титаны" иеленді. Ол бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.

Еске салайық, жекпе-жек алдында Жұманов Гарибиге: "Саджад, сен мені жекпе-жекке шақырдың, мен келдім. Бұл сенің өміріңдегі ең үлкен қателік. Жекпе-жек сен үшін өте қиын болады", — деп айтқан болатын. 


Соңғы жаңалықтар