Қазақстан күрестен әлем чемпионатын өткізуге үміткер - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан күрестен әлем чемпионатын өткізуге үміткер

Қазақстан күрестен әлем чемпионатын өткізуге үміткер

Біріккен күрес әлемінің (бұрынғы Халықаралық күрес федерациясы) президенті Ненад Лалович 2019 жылы спорттық күрестен әлем чемпионатын өткізуге Қазақстан мен Түркия елдері үміткер екенін мәлім етті.

  • 3 Мамыр 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі sport24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Күрестен әлем чемпионаты қай елде өтетіні шілденің соңы немесе тамыздың басында белгілі болады.

«Бізге 2019 жылы спорттық күрестен әлем чемпионатын өткізуге Стамбұл мен Алматы қалаларынан өтініш келіп түсті. Біз аталған елдердің ұсыныстарын мұқият қарап жатырмыз. Таңдау маусым айында жасалады. Біріккен күрес әлемінің атқарушы хатшылығы бюро мүшелеріне нақты шешімді айтады. Отырыс шілде айында Римде өтеді. Осы жиында 2019 жылы әлем чемпионаты қайда өтетінін айтамыз», — деді Ненад Лалович.

Айта кетейік, осы жылдың қазанында Будапешт қаласында спорттық күрестен әлем чемпионаты өтеді. Ал 2019 жылы өтетін күрестен әлем біріншілігі Токио Олимпиадасына іріктеу жарысы болып саналады.


Оқи отырыңыз:

Үндістанда құмды дауыл соғып, жетпістен астам адам қаза тапты

Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер жайлы айтты

«Атамекен» әнін өзге тілде тыңдап көрдіңіз бе?