Қазақстандағы бокс ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы бокс ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді

Қазақстандағы бокс ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді

Қазақстан бокс федерациясының шешімімен ұйым жарыстарына қатыспайтын спортшылар Әлем чемпионаттарына бара алмайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 11 Қазан 2017
  • 714
Фото - Caravan.kz

«Біз атқарушы комитеттің бюросында осындай шешім қабылдадық. Бүгінде кейбір облыстық әкімдіктер Қазақстанның бокс федерациясы Кубогына қатысуға өз командаларына ақша бермей отырады. Енді, федерация Кубогына қатыспайтын спортшылар әлем чемпионаттарына жолдама ала алмайды. Сондықтан федерация жетекшілеріне айтарым, осыны облыстық спорт басқармасы басшыларына жеткізіп барыңдар. Командалар Кубокқа қатысуы тиіс», — деді ҚБФ президенті Тимур Құлыбаев бүгін ұйымның жыл сайынғы конференциясында.

Бүгінгі шара аясында бапкерлер мен бокс саласының бірқатар мамандары марапатталды. Атап айтқанда, «Қазақстан боксын дамытудағы еңбегі үшін» атағына ҚБФ вице-президенті Данияр Абылғазин, ұйым басшысының бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі орынбасары Юрий Цхай, мемлекеттік бапкер Болат Әбдірахманов, бас бапкер Мырзағали Айтжанов, әйелдер боксы бойынша мемлекеттік бапкер Қайрат Манашев, әйелдер құрамысының бас бапкері Вадим Присяжнюк және бокс тариxын жазып жүрген Қасым Мәуленов ие болды.

Ал «Қазақстан боксының ардагері» марапаты Қазақ КСР бапкері Андрей Райш, Қазақстанның еңбегі сіңген бапкерлері — Борис Цхирашвили, Феликс Цой, Владимир Шайрер мен Алматы облыстық федерациясының құрметті президенті  Асқар-Мәдихан Сауданбековке табысталды.  


 

Соңғы жаңалықтар