Жарияланды: 30

Қазақстандық әскерилер әлемнің мықты дзюдошыларының үздік бестігіне енді

Қазақстандық әскерилер әлемнің мықты дзюдошыларының үздік бестігіне енді

 

Қазақстан Республикасының Қарулы күштер құрамасы Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан 7-әлемдік әскерилер ойынында 4-орынды иеленді.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитеті Армия орталық спорт клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды BAQ.kz. 

Командалық турнирде әр командадан 5 спортшыдан бақ сынасты. Бұл жарысқа қазақстандықтар бір балуансыз (90 келіден жоғары) қатысты.

Жеребе бойынша отандастарымыздың алғашқы қарсыласы Әзірбайжан елінің спортшылары болды. Бір ойыншысы кем болғанына қарамастан қазақстандықтар қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ширек финалда біздің елдің спортшылары Белорусь елінің командасынан 3:2 есебімен басым түссе, жартылай финалда ресейліктерге 0:3 есебімен жол беріп алды. Ал үшінші орын үшін болған кездесуде де Оңтүстік Кореяның спортшыларынан 0:3 есебімен ұтылды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның Қарулы күштерінің құрамасы 4-орынға табан тіреді.

"Командалық жарыста біз жақсы өнер көрсеттік. Әрине, жүлделі болғымыз келді. Одан үмітіміз де болды. Дегенмен, біраз тәжірибе жетіспеді. Өйткені, командамен сынға түсу жекелей сайысқа түскеннен ауыр. Біздің біреуіміз татами төрінде болсақ, бәріміз де күресіп жатамыз", – деді ҚР құрамасының спортшысы, ефрейтор Ғұмар Қырғызбаев.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Ресей Федерациясы жеңімпаз атанды. Екінші орынды бразилиялықтар еншілесе, үшінші орын Оңтүстік Корея мен Франция спортшыларына бұйырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін