Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Азия ойындарында жаңа рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Азия ойындарында  жаңа рекорд орнатты

Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Азия ойындарында жаңа рекорд орнатты

Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореяда Инчхон қаласында өтіп жатқан XVII жазғы континенталды Азия ойындарында "алтын" ұтып алып, жаңа рекорд орнатты.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 765
Фото - Caravan.kz

Д.Баландин 200 метр қашықтықты брасс түрінде 2:07,67 уақыт ішінде жүзіп, жарыстардың жаңа рекордын орнатты. Күміс пен қоланы Жапония спортшылары Кадзуки Кохината және Ясухиро Косеки алды, делінген жарыстың сайтында.

Арқамен жүзу жарысында 50 метрге жүзуде әйелдер арасында күмісті Екатерина Руденко жеңіп алды.

Қазақстанның жалпы қоржынында 4 алтын, 6 күміс және 12 қола медаль бар. Қазақстан жалпы медальдық есепте 22 медальмен 4-ші орынға шығып, көшбасшылардың бестігіне енді.


Азиада Инчхонде 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтуде. Қазақстан атынан жарысқа спорттың 39 түріне 420 спортшы қатысуда.

Соңғы жаңалықтар