Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы «Астана» футбол клубының қосалқы құрамымен жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы «Астана» футбол клубының қосалқы құрамымен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы «Астана» футбол клубының қосалқы құрамымен жолдастық кездесу өткізеді

Астана қаласындағы «Астана арена» стадионында 28 желтоқсан күні еліміздің 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы мен «Астана» футбол клубының қосалқы құрамы арасында жолдастық кездесу өтеді.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 292
Фото - Caravan.kz


Астаналықтардың бас бапкері Игорь Свечников командасын биыл 1994, 1995 жылдары туған жастармен толықтырған болатын. Олардың арасынан қазір шабуылшы Әділ Балғабаев пен жартылай қорғаушы Абай Жүнісов құрама сапында жүр. Бұл «астаналықтардың» жаңа маусымға дайындық кезіндегі алғашқы кездесуі болмақ. Ал Михаил Соловьев жаттықтыратын жастар құрамасы үшін де әзірлігін пысықтайтын маңызды кездесу болмақ. Олар 4-14 қаңтар күндері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жастар құрамалары арасында өтетін Гранаткин турниріне қатысқалы отыр. Онда қазақстандықтар «С» тобында Түркия, Финляндия және Иран құрамаларымен күш сынаспақ. Оған өз дайындығын олар 19 желтоқсанда Астана қаласында бастаған болатын. Бұл оқу-жаттығу жиыны 30 желтоқсан күні аяқталмақ.