Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті
![]() |
Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов АҚШ-тағы жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті. |
«Панда» лақап атымен белгілі қазақстандық боксшы АҚШ-тың Орландо қаласында жекпе-жек өткізді. Ол шаршы алаңдағы қарсыласы мексикалық Хавьер Гомес Руэданы (21-17, 15 КО) бірінші раундта сұлатып түсірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Prosport.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетейік, Серік Мұсаділов кейінгі жекпе-жегін 8 қыркүйекте Сантьяго де Толуда (Колумбия) өткізді. Онда жергілікті спортшы Мануэль Банкесті екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін