WBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы белдігінің иегері Жанат Жақиянов келесі қарсыласы ретінде кімді көретінін мәлімдеді, деп жазады Sports.kz.
«Мен Қазақстан боксының королі болған Василий Жиров ізімен жүріп, бұйырған белдіктердің барлығын иемденгім келеді. Егер осы мақсатыма жетсем, бақытты болар едім.
Келесі қадам мен үшін WBA әлем чемпионының толыққанды титулын иелену, мен Джейми МакДоннелл немесе Хуан Карлос Пайяномен жұдырықтасуға әзірмін», — деген сөзін келтірді World Boxing News.