Жанкүйерлердің бірі "Манчестер Ситидің" жеңісіне әйелін тігіп, жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жанкүйерлердің бірі "Манчестер Ситидің" жеңісіне әйелін тігіп, жеңіліп қалды

Жанкүйерлердің бірі "Манчестер Ситидің" жеңісіне әйелін тігіп, жеңіліп қалды

Танзаниялық футбол жанкүйері манчестерлік дерби ерекше бәс, яғни әйелін тікті. Жеңімпаз бір аптаға жеңілгеннің әйелін алып кетеді, деп жазды The Sun.

Бұл бәсте жеңіліске ұшыраған жанкүйер Амани Стенли есімді азамат болды. Ол өз әйелін "Манчестер Сити" жеңіске жетеді деп бәске қойған. Бірақ 7-сәуір күні өткен манчестерлік дербиге "Манчестер Юнайтед" клубының мерейі үстем болды.

Қол хат ретінде тігілген бәс барысында екі азамат та сау болған.

"Мен Амани Стенли, сау күйімде, егер "Манчестер Сити" клубы "Манчестер Юнайтедке" қарсы оында жеңіске жетпейтін болса, өз әйелімді беруге уәде етемін. Бұл келісімді жасауға мені ешкім қинаған жоқ", - делінген жазбада.

  • 11 Сәуiр 2018
  • 326
Фото - Caravan.kz
Соңғы жаңалықтар