Жеңілмейтін қазақстандық Әли Ахметовтің кезекті қарсыласы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңілмейтін қазақстандық Әли Ахметовтің кезекті қарсыласы белгілі болды

Жеңілмейтін қазақстандық Әли Ахметовтің кезекті қарсыласы белгілі болды

Алматыда 30 желтоқсан күні өтетін, басты айқасқа Фируза Шәріпова қатысатын жекпе-жек кешінде өнер көрсететін жеңілмейтін қазақстандық Әли Ахметовтың қарсыласы белгілі болды.

  • 21 Желтоқсан 2017
  • 755
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық спортшы қыздың баспасөз қызметі Ахметовке 28 жастағы әзербайжан боксшысы Исмат Эйнуллаев қарсылас болатынын хабарлады, деп жазады Казинформ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Біздің Әлидің қарсыласы — Әзербайжаннан келетін Исмат Эйнуллаев. Жасы 28-де. Ол 14 жекпе-жек өткізіп, соның 12-сінде жеңген, екі рет жеңілген. Исмат бұрын бірінші орта салмақта өнер көрсеткен. Бірақ ол жас, жетіле түсіп, жартылай ауыр салмаққа өтті. Бұл боксшыны егжей-тегжейлі зерттеген жоқпыз, мұнда шаршы алаңға шығып, жеңу қажет. Келесіде Әли Ахметовпен НВО келісім жасасуға мүдделі болып отыр. Сонан соң біздің боксшыға аты шыққан спортшылармен кездесу өткізудің сәті түседі», — дейді оның бапкері Сағатбек Мұсаханов.

Еске сала кетейік, Әли Ахметов кәсіпқой рингтегі дебютін 2016 жылдың мамырында өткізген болатын. Содан бергі он жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті. Оның алтауын мерзімінен бұрын аяқтады. Жартылай ауыр салмақтағы NABF Junior және WBC Youth титулдары үшін 2017 жылғы 8 желтоқсанда өткен соңғы жекпе-жегінде 22 жастағы қазақстандық боксшы америкалық Дешон Вебстерді тізе бүктірген еді.


Жекпе-жек кешінің басты айқасында Фируза Шәріпова бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен екінші жартылай жеңіл салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы мен WBC Silver белдігі үшін күш сынасады. Егер жеңіске жетсе, екі салмақ категориясындағы қазіргі әлем чемпионы атанады.

Соңғы жаңалықтар